Шағымдану
Сіздің Микрокредит беру туралы шарттың қолданыс мерзімін кейінге қалдыруға құқығыңыз бар /мерзімді кейінге қалдыру үшін сілтеме/.
Шарттың қолданыс мерзімін кейінге қалдыру мүмкіндігі болмайтын жағдайда, заң бойынша толығымен ТЕГІН алуға болатын нәрселер үшін заңгерлер мен өкілдерге ақы төлемеңіз!!!
Уақытыңыз бен ақшаңызды үнемдеңіз!
Сіздің өтінішіңізді негіздейтін мерзімді кешіктірудің туындау себептері, кірістер және басқа да расталған мән-жайлар (фактілер) туралы мәліметтерден тұратын, Шарт талаптарына микрокредит мерзімін өзгертумен байланысты өзгерістер енгізу туралы жазбаша өтінішпен МҚҰ-ға жүгініңіз.
Өтініш еркін нысанда құрылады. Өтінішті біздің [email protected] электрондық мекенжайымызға жіберіңіз.
Өтінішті қарау нәтижелері бойынша Сіз төменде көрсетілген нұсқалардың біріне қол жеткізе аласыз:
- қарыз қалдығын бір реттік төлем арқылы төлеген жағдайда айыппұлды (өсімпұлды) толығымен есептен шығару
- айыппұлды (өсімпұлды) ішінара есептен шығару
- 6 айға дейін берешекті өтеу кестесін алу (кестенің мерзімі берешек сомасына байланысты болады)
- тараптардың келісімі бойынша және заңнамада көзделген өзге де өзгерістер.
МҚҰ-ның өтінішті қарау мерзімі күнтізбелік 15 күнді құрайды.
Микрокредиттерді қайта құрылымдау туралы ақпараттың кредиттік бюроға жіберілетінін және басқа кредиторлардың Сізге өзге де кредиттер беру туралы шешім қабылдауына ықпал етеді.