Проблемалық берешек
Микрокредит шарты бойынша міндеттемелер орындалмаған жағдайда, МҚҰ келесі әрекеттерді жасауға құқылы:
Шарт талаптарында көзделген жағдайда берешекті өндіріп алуды жүзеге асыру.
Қызметтерді ұсыну қағидаларына:
қарыз алушы үшін
Қарыз алушы банктік микрокредит шарты шеңберіндегі міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, МҚҰ келесі әрекеттерді жасауға құқылы:
• шарт талаптарына сәйкес тұрақсыздық айыбын (айыппұлдар және/немесе өсімпұл) есептеу;
• берешекті сотқа дейін өндіріп алу және реттеу үшін коллекторлық агенттікке беру;
• микрокредит шарты бойынша талап ету құқығын үшінші тұлғаларға беру;
• берешекті өндіріп алу үшін сотқа жүгіну;
• микрокредит шартымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де шараларды қолдану.
Құжаттар